Елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Елімізде банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

Елімізде бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады. Заң жобасын әзірлеу барысында жеке тұлғалардың банкроттығы институты қалыптасқан елдердің тәжірибесі сараланып, тиісті нормалар алынды. Осылайша, рәсімдердің 3 түрі енгізілді. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Банкроттықтың салдары:

  • 5 жыл ішінде қарыздар мен кредиттер алуға шектеу (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
  • банкроттықты 7 жылдан кейін ғана қайта қолдану мүмкіндігі;
  • 3 жыл бойы қаржы жағдайының мониторингі.