Атырауда 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден құлап көз жұмды, – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Атырау облысы Полиция департаменті қайғылы оқиға 2 наурызда сағат 23:30 шамасында болғанын хабарлады.
«16 жастағы жасөспірім Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен биіктен құлап қайтыс болды», – делінген ақпаратта.Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.