«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. 

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 6 наурыздағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Д.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда Арман Жұмагелдиевті ұстаған еді. Кейіннен ҚР Бас прокуроры Берік Асылов "Дикий Арман"  ҰҚК кураторының үйлестіруімен әрекет еткенін айтқан болатын.