Қостанай облысында күн райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған 24 адам құтқарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. ТЖД бөлімшелері Наурызым, Қамысты, Қарасу аудандарының аумағында 4 авариялық-құтқару операциясын жүргізді. Нәтижесінде, 24 адам құтқарылды, оның ішінде 8 бала бар. ТЖ салдарын жоюға 10 қызметкер мен 4 бірлік арнайы техника қатысты. Жергілікті жерлерде барлығы 4 уақытша блок-бекеттің кезекшілігі ұйымдастырылды, 160 орынға 4 жылыту пункті дайындалды.