Жуырда Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе рейсі қайта ашылады

Жуырда Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе рейсі қайта ашылады

ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстан мен Түрікменстан арасында аптасына 2 рет ұшақ қатынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Түрікменстан» әуекомпаниясы биыл 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» ұшағымен орындалады. Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.