Қарыздан құтылып, ақшаны қалай көбейте аламыз?

Қарыздан құтылып, ақшаны қалай көбейте аламыз?

Бүгін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Инвестиция әліппесі. Ақшаны қалай көбейтеміз?» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап авторлары бұл кітаптың көпшілікке көмегі тиіп, жол көрсететін нұсқаулыққа айналатынына сенім білдірді. Кітаптың авторлары – Ерқанат Әбени, Бауыржан Шурманов және Ербол Азанбек. [caption id="attachment_243914" align="alignnone" > ©baq.kz[/caption] «Біз үшін бұл коммерциялық жоба емес. Ел арасында қаржылық сауаттылықты арттырғымыз келді. Себебі,  көпшілік қалай ақшаны сақтап, көбейтуге болатынын, қаржыны қалай дұрыс бөлу керегін біле бермейді. Соның жолдарын көрсетіп, өз тәжірбиемізбен бөлісуге тырыстық. Оған қоса шетелдік экономикаға, қаржылық сауаттылыққа қатысты пікірлерді жинақтап, миллиардерлерден сұхбат алдық», дейді кітап авторларының бірі Ерқанат Әбени. Оның айтуынша, жоба коммерциялық емес, жастардың қаржылық сауаттылығына бей-жай қарамайтын азаматтардың демеушілігінің арқасында жүзеге асып отыр. Сондықтан мыңнан астам кітап университеттерге тегін таратылды. «Қарапайым қазақтілді оқырманның қаражатын көбейтіп қана қоймай, инвестор болудың жолын көрсетуді көздедік» деген Ербол Азанбек. Қазір қаржы алаяқтары өте көп. Оларға алданбай, әр қазақ өзінің жеке қаржысын басқара білсе екен деймін. Ал оған апарар жол қаржылық сауаттылық. Қазір қазақтілді орта осыған зәру, соның орнын толтырғым келді. Осы жолда қосқан титтей де болса үлесіміз,  дейді кітаптың тағы бір авторы ол. Қаржы сауаттылығын арттыруға бағытталған кітапты кітап дүкендерінен 1 000 теңгеге сатып алуға болады.