Бірнеше өңірде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

Бірнеше өңірде өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін

«Қазгидромет» РМК 11 наурыздағы деректер бойынша ескерту жариялады. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды. 12-14 наурыз аралығында Жамбыл, Жетісу,  Алматы облысы және Алматы қаласы маңындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр болжамына байланысты беткейлік ағын қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің жоғарылауы ықтимал. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Атырау,  Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында аралас жауын-шашын болжамына, температуралық фонның жоғарылауына байланысты қарқынды қар еруі, беткейлік ағын қалыптасуы, мұз жібуі және өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Судың жайылуы және тасқыны болуы ықтимал.