Атырауда асфальттағы тесіктерге кірпіш төселген

Атырауда асфальттағы тесіктерге кірпіш төселген

Желіде Атыраудағы асфальт суреті тарады. Суретте асфальттың ойығына кірпіш төселгенін көруге болады. Қалалық әкімдік өкілдері бұл жайтқа қатысты түсінік берді, – деп хабарлайды ATPress.kz басылымы. Сурет жергілікті atyrauoil.official Instagram-парақшасында пайда болды. Атырау қалалық әкімдігінің бапасөз қызметінің мәліметінше, бұл жол жөндеу жұмыстарына дейінгі уақытша алынған шара екен.

"Жол жөндеу жұмыстары күн жылыған кезде басталады. Шамамен осы наурыз айында басталуы мүмкін. Сондықтан оған дейін жүргізушілерге ыңғайлы болсын деп осындай шара алынып отыр", – делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от АТЫРАУ | КАЗАХСТАН | 06 🌷 (@atyrauoil.official)