«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы 11 ақпанда елорданың ботаникалық бағында экологиялық марафоннан және қатысушыларды партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырудан тұратын іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, ұйымдастырушылар жарысты жеңіл режимде өткізді. Сонымен, қатысушылар өз таңдауы бойынша 2,5-тен 5 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсерді.
«Байтақ» партиясы жыл бойы және кез келген ауа райы жағдайында денсаулықты жақсартумен айналысуға болатынын көрсетті. Марафон ботаникалық бақтағы арнайы жүгіру жолдары мен таза ауада ыңғайлы жағдайда өтті.
«Біз осымен салауатты өмір салты – бұл адамдардың, әсіресе жастардың өмірі мен денсаулығындағы ең маңызды мәселе екенін көрсеткіміз келді», – деді «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев.