Алматының Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қайырлы күн! Бүгін Шығыс айналма жолындағы жаяу жүргіншілер көпірінен жасөспірімдер тас лақтырып, көліктің алдыңғы әйнегін сындырды. Бұл бірінші рет емес, неге ұсталмайды?" – делінген видеоның сипаттамасында.Полицейлер жасөспірімдердің тас лақтырғанын айтты. Медеу аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, бұл факт бойынша "Газель" көлігінің жүргізушісінен арыз түскен.
"Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келіп тасты тәркіледі. Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша іс қозғалды. Іс-әрекеттерге құқықтық баға беріледі. Олар міндетті түрде заңға сәйкес жауапқа тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.