Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданында жоғалып кеткен 7 адам табылды, – деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. Бүгін Ұлытау облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органның күштері және құралдарымен жоғалып кеткен 7 адам табылды. Ведомство мәліметінше, олар 11 наурызда мал іздеуге екі көлікпен шығып, адасып кеткен. Іздеу жұмыстарына Ұлытау облысы ТЖД жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника тартылды. Жоғалған адамдар "Өлке" қыстағынан табылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.