Мектептерде үшінші тоқсан 17 наурызда аяқталады. Көктемгі демалыс биыл 18 наурыздан басталып, 26 наурызды қоса алғанда 9 күнге созылады. Өткен жылы көктемгі демалыс 12 күн болды (2022 жылғы 19-30 наурыз). Биылғы оқу жылында демалыс уақыты жалпы қысқарған. Бұрын 30 күн болатын, биыл 25 күнді құрайды. Биыл оқу жылы 31 мамырда аяқталады.