Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты, атыраулық құтқарушылар көмекке аттанды. Қазіргі уақытта атыраулық 49 құтқарушы су шайған елді мекендерде құтқару шараларына қатысып жатыр.
"Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің 49 қызметкері 9 бірлік техника мен 3 үрмелі қайық және 7 мотопомпамен аттанды. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетовтің басшылығымен құтқарушылар көшелердегі суды ПНС-110 автокөлігімен сору жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында құтқарушылар үрмелі қайықпен каналдың арғы бетінде қалған тұрғындарды эвакуациялап, құм толтырылған қапшықтар төсеп, бөгеттер жасауда", – делінген Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан мәліметте.
Баян Жанұзақова