Тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетендерін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты. «Орталық сайлау комиссиясын өңірлердегі сайлау комиссияларынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгін сағат 14:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды», – деді Анастасия Щегорцова. ОСК мүшесінің дерегінше, оның ішінде: 1. Абай облысы бойынша – 52,28% 2. Ақмола облысы бойынша – 52,12% 3. Ақтөбе облысы бойынша – 51,28 % 4. Алматы облысы бойынша – 52,13% 5. Атырау облысы бойынша – 36,15% 6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 55,14% 7. Жамбыл облысы бойынша – 58,32% 8. Жетісу облысы бойынша – 52,41% 9. Қарағанды облысы бойынша – 56,97% 10. Қостанай облысы бойынша – 62,36% 11. Қызылорда облысы бойынша – 54,31% 12. Маңғыстау облысы бойынша – 49,18% 13. Павлодар облысы бойынша – 51,24% 14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 49,68% 15. Түркістан облысы бойынша – 48,37% 16. Ұлытау облысы бойынша – 52,29% 17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 58,69% 18. Астана қаласы бойынша – 33,65% 19. Алматы қаласы бойынша – 15,38% 20. Шымкент қаласы бойынша – 35,61% Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады. Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 18 учаске бар.