Жамбыл облысында ҚР Парламенті Мәжілісі және жергілікті мәслихаттардың депутаттарын сайлау ерекше өтуде. Бұған дейін қос ғасырдың куәсі болған кейуаналар, отау құрған жастар, даңқты спортшылар мен егіздер дауыс берсе, енді, міне, Сарысу ауданына Маңғыстаудан қыз берген 35 құда бір учаскеде дауыс берді.