Зеренді ауданына қарасты Қанай би, Игілік, Қызылсая, Баратай және Мәлік Ғабдуллин ауылдарында сайлаушылар сайлау учаскесіне түгелдей ұлттық киімде келіп жатыр. Саяси дода басталғаннан-ақ тұрғындар жоғары белсенділік көрсеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. Сайлаушылар Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан сайлауда ұлттық киіммен келуі саяси додада басқаларға жақсы көңіл күй сыйлап, Наурыз мейрамының қадір-қасиетін көрсеткісі келген. – Бүгінгі еліміз үшін аса маңызды сайлауда бәріміз ұлттық киіммен дауыс бергенді жөн деп таптық. Наурыз жаңару мейрамы. Сондықтан бүгінгі сайлау еліміз үшін жақсы жаңалықтарымен келетініне сенеміз, – дейді сайлаушылардың бірі. Аталған ауыл тұрғындары сайлауға белсенді түрде қатысуда.