Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айгүл Қалықова бюллетеньді сайлау учаскесінен алып кеткен Алматы тұрғынының бейнежазбасына қатысты түсініктеме берді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес, республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті, ешкімнің біреуді сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сонымен қатар оның өзінің еркін білдіруін шектеуіне құқығы жоқ. Бұл бейнеден сайлаушының одан әрі қандай әрекет жасағаны белгісіз. Бәлкім, ол дауыс бермей, бюллетеньді өзімен бірге алып кеткен шығар. Мұнда ешқандай заңбұзушылық жоқ. Сайлаушы дауыс беруге де, бермеуге де құқылы», – деді ол. Естеріңізге сала кетейік, қаладағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беруге келген тұрғынның өзімен бірге сайлау бюллетеньдерін алып кетіп бара жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.