Үгіт-насихат материалдарын жинау – экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі

Үгіт-насихат материалдарын жинау – экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі

Үгіт-насихат материалдарын жинау жөніндегі республикалық акция «AMANAT» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының белсенділері тарапынан қолдау тапты. Бүгін таңертең «Жастар рухы» аймақтық филиалының белсенділері мен бұрынғы кандидаттар ғимараттарға жапсырылған плакаттарды жинауға кірісті. Облыстың елді мекендерінде 200 мыңға жуық парақша желімделген болатын. Оларды тазалауға 400-ден астам белсенді мен  «AMANAT» партиясынан бір мандатты округтер бойынша депутаттыққа бұрынғы кандидаттар қатысуда.

«Осындай пайдалы іс-шараға қатысып отырғанымызға қуаныштымыз. Осылайша жергілікті коммуналдық қызметтерге, сондай-ақ аула аумақтарын тазалауда мүлік иелерінің бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтеріне өз қолдауымызды көрсетеміз. Партияның экологиялық акцияларын біздің филиал тұрақты негізде өткізіп келеді, бірақ дәл осындай акция алғаш рет ұйымдастырылды», – деді «Жастар рухы» аймақтық филиалының төрағасы Біржан Құдайбергенов.
Айта кету керек, акция барысында белсенділер тек «AMANAT» партиясының үгіт-насихат материалдарын ғана жинайды. Олар сондай-ақ басқа партиялардың өкілдері мен бір мандатты округтердегі кандидаттарды да акцияға қосылуға үндеді.   «AMANAT» партиясы Петропавл қалалық филиалының төрайымы Әсемгүл Ахметованың айтуынша, сайлауалды кезеңде кейбір дүкен иелерінің үгіт-насихат материалдарын жапсыруға қарсылық білдіруіне кейін оның тазаланбай қалатыны себеп. «Сондықтан оларды да түсінуге болады. Желімделген парақшаларды тазалау әжептәуір қиындық туғызады. Сол себепті біз мұндай акцияға қуана қатысамыз әрі қолдаймыз», – деді Әсемгүл Рахметдуллақызы.
«Бұл – біреудің еңбегін құрметтеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру тәсілі. Біз үгіт материалдарын тек жұлып алып тастамай, сұрыпталғаннан кейін оларды қайта өңдеуге жіберуге ниеттіміз», – деп атап өтті Біржан Құдайбергенов.
Акция екі күнге созылады.

Солтүстік Қазақстан облысы