19 наурыз күні Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жоғары мәртебелі Камал Финиш мырзаның басшылығымен Алжир мемлекетінің тәуелсіздігіне үлкен жол ашқан тарихи оқиғаны еске алу салтанатты іс-шарасын ұйымдастырып, Алжир халқының тәуелсіздігі жолында құрбан болған батыр қайраткерлерінің рухына арнап дұға-тілектер жасады. Салтанатты іс-шара барысында Алжир Республикасының мемлекеттік жалауы көтеріліп, ән-ұраны шырқалды. Содан соң дипломатиялық өкілдік басшысы Камал Финиш мырза сөз сөйлеп, аталған күннің Алжир халқы үшін әрі ел тәуелсіздігі жолындағы маңыздылығы жөнінде әңгімелеп, өздерін құрбан еткен ер жүрек жайсаңдарының рухына арнап Құран оқып, дұға-тілектер айтты. Төменде аталған іс-шарада Елші мырзаның сөйлеген сөзін қысқаша мазмұндап келтіріп отырмыз. – Біз бүгін көрікті жәйсаң елдің топырығында, 2023 жыл, 19 наурыз күніне тұспа тұс келіп отырған өзін құрбан еткен ер жүрек батыр бауырларымыздың рухына тағзым ету арқылы Еліміздің Ұлттық жеңіс күнінің 61-жылдық мерей-тойын мерекелеп отырмыз. Бұл сонау қасиетті майданда оққа ұшқан жауынгер құрбандарымыз бен азаматтарымыздың құрметіне арналып ұйымдастырылып отырған маңызды іс-шара. Бұл күн – бірнеше жылдар бойына француз империализиміне қарсы ұйымдастырылған күрестің Алжир Халқының тәуелсіз ел болуына жол ашқан тарихи оқиғаның символы болып табылады, – деді мәртебелі елші.