Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтілуде, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық қысымның төмен болуынан күн бұлтты болады, найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман түседі деп күтілуде, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Жылдың осы уақытында температуралық фон қолайлы болады.