Егер сіз айналаңызға фотосуретшінің көзімен қарай алсаңыз, онда заманауи смартфондармен де таңғажайып туындылар жасай аласыз. Жыл сайын өтетін Mobile Photography Awards 2023 байқауының жеңімпаздарының жұмысы осыны дәлелдейді. New Atlas сайтында жарияланған фотосуреттер кәсіби камераларды қолданбай тек смартфонмен түсірілген. Осы материалға сілтеме жасай отырып Aikyn.kz смартфондар туғызған жауһарларды ұсынады. [caption id="attachment_245898" align="aligncenter" > Фото mobilephotoawards.com сайтынан алынды. Авторы: Glenn Homann[/caption] Ұялы телефондар 2000 жылдың басында камералармен жабдықтала бастады. Мысалы, 2001 жылы Nokia 7650 моделінде алғаш рет 640x480 ажыратымдылықпен суреттер түсіретін, оларды 176x208 пиксельдік экранда көрсететін. Телефондағы суреттер сапасы төмен болса да осылай басталды. [caption id="attachment_245899" align="aligncenter" > Фото mobilephotoawards.com сайтынан алынды. Авторы: Wang Hsiu Ling[/caption] Қазір әркімнің қалтасындағы смартфонда цифрлық әлеуеті жоғары камера орнатылған. Сол себепті фото камералар нарығы 2010 жылдан бері бірден тарылып кетті, олардың сатылымы 93%-ға құлдыраған. Фотосуреттердің басым көпшілігі қазір мобильді құрылғыларда түсіріледі, бұл жабдықтардың сапасы да күн өткен сайын жақсаруда. [caption id="attachment_245900" align="aligncenter" > Фото mobilephotoawards.com сайтынан алынды. Авторы: Glenn Homann[/caption] Биылғы жылдың абсолюттік жеңімпазы деп австралиялық Гленн Хоманн аталды. Ол iPhone-да түсірілген жұмыстардың мол портфолиосын ұсынды.
«Мен таңғалдым. Бұлай танылу мен үшін өте маңызды және бұл басқаларды мобильді фотосуреттің шексіз мүмкіндіктерін зерттеуге шабыттандырады», – дейді фотосуретші.Mobile Photography Awards байқауы 2011 жылдан бері өткізіледі. Мақсаты – мобильді фотосурет өнерін насихаттау. New Atlas-тың мәліметі бойынша, 2023 жылы байқауға әлемнің 80 елінен кәсіпқой және әуесқой фотосуретшілер қатысқан. Байқауда «Жасанды Интеллект», «Пейзаж», «Архитектура» сияқты 12 категория бойынша түсірілген суреттер сыналды.