Қазірше тек Қытайда ғана қолжетімді Oppo Find X6 Pro смартфонында 50 МП үш камера орнатылған. Оның біреуі 1 дюймдік кескін сенсорына негізделген. Жаңа модельде 510 пикселді OLED дисплейі, флагмандық Snapdragon процессоры мен жылдам зарядталатын үлкен батарея орнатылған. Aikyn.kz Newatlas.com сайтына сілтеме жасап, жаңа смартфонның басқа да технологиялық мүмкіндіктері туралы баяндайды. [caption id="attachment_246758" align="aligncenter" > Фото oppo.com сайтынан алынды[/caption] Find X6 Pro моделінде Hasselblad түсті оңтайландыру мен MariSilicon X кескінді нейрондық өңдеу функциялары бар.
Барлық камералардың максималды тұнықтығы 50 мегапиксель, ал негізгі камера 1 дюймдік Sony IMX989 кескін сенсорымен жұмыс істейді. Смартфонды қолданушылар Dolby Vision HDR көмегімен 4К видеолар түсіре алады.Oppo Find X6 Pro негізгі үш түсті опцияда: былғарымен қапталған қара, жасыл және қоңыр былғарымен қапталған күміс түспен шығарылады. [caption id="attachment_246759" align="aligncenter" > Фото oppo.com сайтынан алынды[/caption] Алдыңғы экраны Corning Gorilla Glass Victus 2 шынысымен қорғалған 6,82 дюймдік 3168 x 1440 тұнықтықтағы AMOLED дисплеймен ұсынылған. Сондай-ақ, ол мобильді ойындар үшін HyperBoost кадрды тұрақтандыру мен 2500 нитке дейінгі ең жоғары жарықты ұсынады. Экранның жоғарғы жағында 32 МП тұнықтығы 1080p селфи камерасы орнатылған.
Жаңа модель ColorOS 13.1 жүйесінде жұмыс істейді. Сегіз ядролы Qualcomm Snapdragon 8 Gen 2 чипсетімен жабдықталған және 16 ГБ LPDDR5 жедел жадымен жабдықталған. 5G ұялы байланыс стандартынан басқа, Bluetooth 5.3 және Wi-Fi 7 стандарттарын қолдайды.Смартфонның үлкен батареясын 100 ватт жылдам зарядтауды және 50 ватт сымсыз зарядтауға болады. 10 минутта батарея 50% дейін қуатын толықтыра алады. Find X6 Pro тек Қытайда сатылуда, бағасы шамамен $867 болады.