ҚР Парламенті Мәжілісінің комитеттерінің саны мен атауы өзгеріссіз қалды. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауын VII шақырылымдағы қалпымен қалдыруды ұсынды. Дауыс беруге қатысқан 97 депутаттың 96-сы ұсынысты жақтады. Осылайша Мәжіліс комитеттерінің саны мен атауы мынадай құрамда қалатын болды: 1. Аграрлық мәселелер комитеті 2. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті 3. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті 4. Әлеуметтік-мәдени даму комитеті 5. Қаржы және бюджет комитеті 6. Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті 7. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті