Наурыз айының соңғы аптасында Павлодардағы Шахмат үйінде Л.А.Блудованы еске алуға арналған шахмат турнирі өтті. Он бірінші мәрте өткізіліп тұрған облыстық турнирге 96 жас спортшы қатысты. Сайыс швейцар жүйесімен 9 турға созылды. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 1 орынды Елнұр Зейнышев жеңіп алса, қыздар арасында үздік болып Жансая Ерқасова атанды. 12 жасқа дейінгі топта үздік нәтижені Мерхат Байғожа көрсетті. Қыздардан алтын медаль Жасмин Текжановаға бұйырды. Барлық жеңімпаздарға Freedom Mobile компаниясы смартфондар сыйлады. Еске алу турнирді Павлодар облысының Шахмат федерациясы мен "Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ ұйымдастырды. Әйелдер арасындағы гроссмейстер, Қазақстан чемпионы Елена Анкудинова турнирдің бас төрешісі атанды. Естеріңізге сала кетейік Людмила Алексеевна Блудова (01.01.1959 - 22.09.2010жж.) Павлодар облысының бірнеше дүркін чемпионы, балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген. Достары мен жақындары оны адал, өмірге құштар және мейірімді адам ретінде еске алады.