Жібек Құламбаева Түркияда өткен теннис турнирінің абсолют чемпионы атанды

Жібек Құламбаева Түркияда өткен теннис турнирінің абсолют чемпионы атанды

Қазақстандық теннисші, әлемнің 446-ракеткасы Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өткен ITF W15 турнирінің абсолют чемпионы атанды. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 622-орында тұрған чехиялық Дениса Хиндовамен бас жүлдені сарапқа салды. Ж. Құламбаева 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бұдан бұрын, кеше Жібек ресейлік Дарья Лодиковамен бірге жұптық сында да үздік шыққан еді. Осылайша, ол жарыстың абсолют чемпионы болды.