Шавкат Рахмонов UFC-дің экс-чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізетіні рас па?

Шавкат Рахмонов UFC-дің экс-чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізетіні рас па?

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін UFC файтері Шавкат Рахмонов ұйымның бұрынғы чемпионы Камару Усманмен жекпе-жек өткізеді деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы оның менеджері Дэнни Рубинштейн мәлімдеді. Еске салайық, осыған дейін Рахмонов - Усман жекпе-жегі қарастырылып жатыр деген инсайдерлік ақпарат тараған еді. "Камару Усман мен Шавкат Рахмонов жекпе-жегі қарастырылып жатыр деген хабарлама - толықтай жалған. Бұл туралы маған Шавкаттың менеджері Дэнни Рубинштейн айтты", - деп жазыпты журналист Алекс Бехунин твиттер желісінде.