Тағы бір қазақстандық файтер UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Тағы бір қазақстандық файтер UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Naiza лигасы ресми сайты Асу Алмабаев UFC-мен келісімшарт түзгенін және жақын арада дебют жасайтынын хабарлайды. Асу  M-1 және Найза лигаларының чемпионы атанған  және жақында Brave лигада жекпе-жек өткізіп, жеңіл салмақ дәрежесінде 2022 жылы ең үздік жауынгер атанды. Алмабаев Шавкат Рахмоновтың командасында жаттығу жасайды және Шавкаттың соңғы жекпе-жегінде секундаты болған.