Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Олардың қатарында алғашқы 15 орынға іліккен қазақстандық былғары қолғап шеберлері бар. Аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 8-орнын сақтап қалса, екінші орта салмақтағы Али Ахмедов төртінші орыннан үшіншіге көтерілді. Ал Геннадий Головкин рейтингіде орта салмақта 1-орында тұрса, Мейірім Нұрсұлтанов бесінші орыннан төртіншіге жайғасты. Сондай-ақ жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Липинец төртінші орыннан бесіншіге төмендеді.