Ұлттық құрама рейтингте өрледі

Ұлттық құрама рейтингте өрледі

Халықаралық футбол қауымдастықтары федера­ция­сы жаңартылған рейтинг жариялады. Қазақстан футбол федерациясы хабарлауынша, ұлттық құ­рама жаңартылған рейтингте үш сатыға жоғарылап, 112-орынға жайғасты. Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы нау­рызда 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі ая­сында екі ойын өткізген еді. Алғашқы матчта Словенияға (1:2) есе жібергенімен, кейін Даниядан (3:2) басым түсті. Рейтинг бойынша, 1840.93 ұпаймен Аргентина құра­ма­сы көш бастап тұр. Одан кейін Франция мен Бразилия бар. Ал Бельгия мен Англия үздік бестікті түйіндейді.