Атырауда синтетикалық есірткіні жасырын тығумен айналысып жүрген Шығыс Қазақстан облысының 1990 жылғы тұрғыны анықталды. Тергеу жұмыстары нәтижесінде 86,9 грамм “Альфа-PVP” және 207,91 грамм болатын мефедрон тәркіленді. Медициналық сараптама қорытындысы тәркіленген заттың ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екендігін дәлелдеді. «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бап, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде» делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте. Арнайы операцияны Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.
Баян Жанұзақова