Денсаулық сақтау министрлігі «Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларына» өзгеріс енгізуді көздейді. «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта көрсетілгендей, енді қазақстандықтарға мына мамандардың кеңесін онлайн режимде алуға мүмкіндік ұсынылады: - Реабилитолог; - Логопед; - Психолог; - Терапевт; - Педиатр; - Хирург; - Акушер-гинеколог; - Оториноларинголог; - Кардиолог; - Пульмонолог; - Ревматолог; - Невропатолог; - Инфекционист; - Аллерголог; - Эндокринолог; - Гастроэнтеролог; - Офтальмолог; - Гематолог; - Нефролог; - Уролог; - Андролог; - Геронтолог; - Дерматовенеролог; - Иммунолог; - Травматолог-ортопед. «Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде «Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» іс-шаралар жоспарының 101-тармағының телемедицина арқылы орналасқан жері бойынша медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту бойынша әзірленді», – деп түсіндірме берілген министр бұйрығына. Құжат 25 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.