Астана қаласында әйелдер күресінен Азия чемпионатының екінші ойын күнінде Жәмила Бақбергенова (72 келі) чемпион атанды. Жәмиланың финалда жапониялық Сумире Никураны қапы қалдырды. Ол бұған дейін тайпейлік Хунг Пин-ценд және моңғолиялық Даваансан Енх Амарды жеңді. Осылайша, Жәмила Бақбергенова әйелдер құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Бір күн бұрын Эльмира Сыздықова жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілген еді.