Енді қала тұрғындары мен қонақтары туристік автобуспен Атырау қаласының ең көрікті жерлерін аралап, саяхат жасай алады. 60 орындық қоғамдық көлік арнайы белгіленген кесте бойынша, яғни сағат 20.00-ден бастап түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істейді.
"Исатай-Махамбет" алаңынан бастау алатын бағыт Сәтпаев, Әбілхайыр хан даңғылымен әуежайға дейін барады. Қайтар жолда Әбілхайыр хан даңғылынан Сәтпаев көшесіне түсіп, Драма театр – Исатай-Махамбет алаңына дейін жүреді,– деді Akzhayik Avtopark ЖШС-ның Эксплуатация бөлімінің басшысы Саламат Бахриденов.