Қазақстандық Санжар Досжанов (70 келі) еркін күрестен Азия чемпионы атанды. Қазақстандық балуан финалда өзбекстандық Зафарбек Тихоновпен шеберлік байқасты. Алғашқы сәттен Санжар қарсыласына қарсы шабуылға шықты. Әдіс-тәсілді қолдануға тырысты. Нәтижесінде, осындай әдісі арқылы екі ұпайға қол жеткізді. Осылайша, ол қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, Азия чемпионы атанды.