IMB орталығы мұнай-газ машинасын жасауды дамыту бойынша форум өткізді

Мұнай-газ машинасын жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы форум өтті.

14 сәуірде Астана қаласында IMB Орталығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Энергетика министрлігінің, ірі мұнай-газ операторлары – "Теңізшевройл" ЖШС, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В және Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. қолдауымен Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ машина жасауды дамытуға арналған жыл сайынғы Форумды өткізді.

Форумның ресми бөлімінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгінов, ҚР Энергетика вице-министрі А. Хасенов, Қазақстан машина жасаушылары одағының Басқарма төрағасы М. Пішембаев алғы сөз сөйледі.

Форум аясында ірі мұнай-газ Операторлары басшылықтарының, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. Бас директоры Д. Рую, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В Басқарушы директоры О. Лазар және "Теңізшевройл" ЖШС Бас директорының орынбасары К. Сүесінов, Қарашығанақ, Қашаған және Теңіз кен орындарының қызметі туралы баяндамалары тыңдалды.

Отандық және халықаралық өндірушілерге, тиісті мемлекеттік органдарға және басқа да мүдделі талаптарға таныстыру мақсатында IMB Орталығының Бас директоры М. Кәрімов атқарылған іс-шаралардың нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы толығырақ айтып берді.

Шараға шетелдік және отандық мұнай-газ машина жасау кәсіпорындарының, қауымдастықтар мен даму институттарының, мұнай-газ компанияларының 250-ге жуық өкілі қатысты.

 

Форум IMB Орталығы қызметінің нәтижелері және алдағы жоспарлары туралы мүдделі тараптарды хабардар етуге бағытталған, форумға қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.