Қазақстан Үстел теннисі федерациясы мен Olimpbet букмекерлік компаниясы журналистер үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатында Қазақстанда Үстел теннисін олимпиадалық және қолжетімді бұқаралық спорт түрі ретінде дамыту мәселелері сөз болды. Екі тарап бірлескен жобаларды іске асыруға келісті.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Olimpbet компаниясының сыртқы коммуникациялар жөніндегі директоры Андрей Жарков Olimpbet Қазақстандағы спорт федерациялары мен ауқымды спорттық іс-шараларға үнемі қолдау көрсетіп жүргенін ерекше атап өтті. Компания сонымен қатар көптеген кәсіби спорттық клубтардың титулдық демеушісі ретінде көпшілікке танымал екенін, сондай-ақ Үстел теннисі федерациясымен де серіктес болғанына қуанышты екенін жеткізді.
Өз кезегінде Қазақстан Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов осы ынтымақтастықтың арқасында үстел теннисінің еліміздегі насихатын айтарлықтай жақсартып, аталған спорт түріне жастардың қызығушылығын арттыруға жол ашылатынына сенім білдірді.