2019 жылдан бері Ұлттық қауіпсіздік комитет террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы елге қайтарды.
11 наурызда Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы елге жеткізілді. Құзырлы орган қызметкерлері бүлдіршінді қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақытқа созылғанын хабарлады. Қазір бүлдіршін Астана қаласының балаларды қолдау орталығында бейімдеу және оңалту шараларынан өтіп жатыр. Ол жақында туыстарына берілмек.