Жанар-жағармайды елден әкетудің алдын алу үшін ішкі істер органдары мен көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жүргізген рейд кезінде 57 жүргізуші жауапқа тартылды.
Апта басынан Жамбыл және Түркістан облыстарында жанар-жағармайды елден әкетудің алдын алу үшін рейд жүргізіле бастаған. Полиция қызметкерлері тиісті рұқсатсыз қосымша жанармай бактарын орнатып алған көліктерге баса назар аударады.
Құқықбұзушылықтың мұндай түрі үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Іс-шараның 3 күнінде осындай құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 57 жүргізуші жауапқа тартылыпты. Тағы 21 әкімшілік материал бойынша көлік құралдарын одан әрі пайдалануға тыйым салынды.