Оңтүстіктен – солтүстікке

Арнайы келген үгіт-насихат тобы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келіп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген қала және ауыл аза­маттарымен кездесті

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген азаматтар «AMANAT» партиясы Арыс қалалық филиалында бас қосты.

Арнайы келген үгіт-насихат тобы Арыс қаласына жұмыс сапарымен келіп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірген қала және ауыл аза­маттарымен кездесті. Оларға «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы ая­сында ерікті түрде қоныс аудару бойынша түсіндірме жұмыс­тарын жүргізді. Кч  ездесуге Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Марат Бейлханов, Риддер қа­лалық ауруханасының бас дәрігері Гүлнар Кітапбаева және Шемонаиха ауданының халықты жұмыспен қамту ор­талығының маманы Әсел Әбіл­қасымова қатысты. Жиынның мақ­саты – оң­түстік өңір халқын ерікті түрде сол­түстікке көшіру, Шығыс Қа­зақстан облыс­тарының жұмыс күші тапшы ай­мақтарына жұмыс күшін тарту, өңірлік диспро­пор­ция мен демографиялық тең­герім­сіздікті жою, аталған бағ­дарлама шең­берінде ерікті түрде қоныс ау­даруға жәрдемдесу. Шығыс Қазақстан облысынан келген насихаттық топ мүшелері қала және ауыл тұрғындарына бағ­дарлама шеңберінде мем­лекеттік қолдау шаралары барын ха­барлады. Кездесу аясында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп және басқа да түрлі саладан бос жұмыс орындары ұсынылды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ