Әнші Асхат Тарғын 70 миллион теңгеге салған зәулім үйінің ішін көрсетті

Отандық әнші Асхат Тарғын көпшілікке екі қабатты зәулім үйінің ішін көрсетті. Оның айтуынша, баспана құрылысының 98 пайызы аяқталған, – деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум баршаңызға! Оразаларыңыз қабыл болсын! Алланың қалауымен бастаған үйіміз Рамазан айында бітті. Бұл - өмірге келгелі салған екінші үйім. Біріншісін 2006 жылы Ақтөбе облысы Шалқар қаласында салғанмын. Ол жерүй болатын және құм сылақпен оңай бітіп еді. Қазіргі уақытта үй салу оңай емес екен. Құрылыс материалдары қымбат. Дегенмен баспанамыздың 98 пайызын бітіріп, ішіне кіріп алдық. Алла осы шаңырағымыздың берекесін берсін. Бәріңізге бұдан да зәулім баспана тіледім. Қазағым бақытты болсыншы",  деді Асхат Тарғын.

Оның сөзінше, екі қабатты үйінің құрылысы 2019 жылы басталған.