Құтқарушылар «Нивамен» жолда қалған тұрғындарына көмектесті. Қостанай облысы Амангелді ауданында қалың қар жауып, ауылдар арасында қатынау қиындады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Қостанай облысы ТЖД-не сілтеме жасап хабарлайды.
Қарасу ауылының тұрғындары Махат ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан қыстаққа барған. Олар жұмысшыларға азық-түлік апарған екен. Таңғы сағат 05.45-те көлік қарлы боранда қалып қойды. Оларға көмекке Қарасу ауылынан жүк тиегіш көлігі жолға шықты. Бірақ ол да межелі жерге жете алмай қар құрсауында қалды.
Кейін сағат 06.05-те Амангелді ауылының 26-ӨСБ қызметкерлері көмек туралы хабар алып, жолаушыларға көмек көрсету үшін Махат ауылына барды.
Құтқарушылар Махаттан 8 шақырым жерде жолаушылары бар «Нива» автокөлігін көріп, арқанның көмегімен көлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.
Сағат 09.45-те құтқарылған 6 адам Махат ауылына аман-есен жеткізілді.
Бұған дейін 16 сәуірде сағат 21.30-да Амангелді ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері НИВА-БРОНТО жол талғамайтын көлігімен 2 шопанды іздеді.
Іздеу нәтижесінде, 17 сәуір күні сағат 01.30-да шопандар қыстаққа жеткізілді. Оларға медициналық көмектен бас тартты.
Мамандар құбылмалы ауа райында сақ болу керек екенін ескертеді.