Шымкенттік дәрігерлер 10 жасар баланың миынан бір уыс құрт алды.
Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 10 жастағы балаға операция жасап, миындағы эхинакокк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады.
Екі сағатқа созылған операциядан кейін науқас екі тәулік бойы реанимацияда жатқан.
Кейін палатаға ауыстырылып, ем-дом жасалды. Ал бір аптадан соң үйіне шығарылған.
«Сәуір айында бас ауруына шағымданған 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына келген. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинакокк кистасы алынды. Қазір жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы жақсы. Мидағы эхинакокк құрты – сирек кездесетін жағдай. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста бауыр мен өкпеде кездеседі», – дейді Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохирургі Самат Көкшикбаев.