«Екатеринбург-Алматы» тасжолы жабылды

Бүгін бірнеше өңірде қар жауып, бұрқасын соғады.

Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлады. Бұл туралы Aikyn.kz "Қазавтожол» мекемесіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Сондықтан «Екатеринбург-Алматы» тасжолының Жұмабек ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Бұған дейін 19 сәуірде бірнеше облыста үсік жүретінін хабарлаған болатынбыз.