20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жарияланды

Еліміз бойынша найзағай ойнайды, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады.

«Қазгидромет» РМК мамандары 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 21-22 сәуірде солтүстікте және шығыста, 22 сәуірде республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады.

Еліміз бойынша найзағай ойнайды, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады.

«Скандинавия аймақтарынан келетін солтүстік-батыс антициклоны ықпалынан республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады», – делінген хабарламада.

Республикада тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады.