Көкшетау қаласы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару-жарақ қоймасын тапты. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қару-жарақты аулада тұрған көліктің жүксалғышына жасырған. 18 сәуір күні Ақмола ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел іздестіру кезінде қару-жарақ қоймасын тапты. 4 бірлік қару, оның ішінде ИЖ-К 16 калибрлі мылтықтың тегіс ұңғылы бір ұңғылы кесіндісі, 16 калибрлі ТОЗ – БМ маркалы мылтықтың тегіс ұңғылы кесіндісі, ТТ тапаншасы және оқ-дәрісімен Удар – М2 аэрозольдік тапаншасы ВАЗ-2114 автокөлігінің жүксалғышынан табылды.
Деректі полицейлер ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіліміне тіркеді.
Қаруды сақтауға қатысы бар 32 жастағы күдіктіні анықтады.