Қарағанды облысында жалаңаш жүрген 2 ер адам ұсталды

Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтарды анықтады

Қарағанды облысының екі қаласында ер адамдар жалаңаш жүрген, деп хабарлады Polisia.kz.
20 сәуір күні әлеуметтік желіде Қарағанды облысының екі қаласында қоғамдық орында жалаңаш жүрген екі адамның бейнежазбасы жарияланды. Бірі Қарағанды қаласының орталығында шалбарын шешсе, екіншісі Теміртау қаласында жалаңаш жүрген.
"Полиция қызметкерлері бұрын психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 54 және 27 жастағы азаматтарды анықтады. Қазір оларды диспансерге орналастыру мәселесі шешіліп жатыр", - дейді ведомство.