Жаңаөзенде екі қабатты үйде газдан болған жарылыстан кейін ауруханаға жеткізілген тұрғынның бірі жансақтау бөлімінде есін жиды, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы облыстсық аурухана мамандары мәлімдеді. Қазір әйел адам тұрақты ауыр деңгейде жансақтау бөлімінде ем алуда. Ол жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылып, дәрігерлермен тілдесе алатын жағдайға жеткен. Сонымен бірге, жансақтау бөлімінде жатқан екінші науқастың жағдайы әлі де ауыр екені айтылды.
Дәрігерлер травматология бөліміндегі ер адам мен 2 қыз баланың жағдайлары тұрақты орташа деңгейде екенін жеткізді.