Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,87 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 457,68 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,58 теңге.
Ұлттық банктің 21 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455, 63 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 452, 5 теңге, сатып алу – 455,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу құны – 455 теңге.
Ресей рублі 5,44 – 5,54 теңге аралығында саудаланып жатыр.