Көкшетаулық әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалып, ауруханаға түсті

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.

Көкшетауда сауда орталығында оқыс оқиға болды. Орталық базар ғимаратында әйелдің аяғы эскалаторға қысылып қалды. Бес бірдей бақайы жұлынып кетті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

«Әйел эскалатормен түсіп бара жатып, құлап қалған. Аяғын эскалатор механизмі тартып алды. Бес башпайының травматикалық ампутациясы болды», – деп хабарлады Ақмола облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Александр Высоцкий.

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізді.