Мексика үкіметі 4,5 жыл бұрын сатуға қойған президенттік ұшақты Тәжікстан үкіметіне шамамен 1,7 миллиард песоға (92 миллион доллар) сатты.
Мексика басшысының айтуынша, президенттік ұшақ Тәжікстан үкіметіне шамамен 92 миллион долларға сатылған.
Лопес Обрадор 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы ұлықтаудан кейін ұшақты пайдаланудан бас тартып, оны әуе кемесінің қымбаттығымен түсіндірген.
Аскетизмді ұстанатын ел президенті әдетте коммерциялық рейстермен ұшады.
Мексика президенті әуе кемесін тіпті аукционда сатуға тырысқан.
Ұшақ бастапқыда бұрынғы президент Энрике Пенья Ньето үшін 200 миллион долларға алынған.
«Өте ұзақ уақыттан кейін ғана ұшақты саттық. Біз бақыттымыз», – деді Лопес Обрадор ұшақтың ішінде түсірген видеосында.
Оның айтуынша, ұшақты сатудан түскен қаражат екі аурухана салуға жұмсалады.